5 мамыр 2017 9840

Ректордың мамыр мейрамдарына арналған құттықтау сөзі

Ректордың мамыр мейрамдарына арналған құттықтау сөзі

2Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке кеңес халқы үшін өте қымбатқа түскені белгілі. Бүгінде біздерге Жеңіс сыйлаған Отан қорғаған батырларымыз бен туған ошағына қайтпаған, қан майданда қаза тапқан боздақтардың арқасында бейбіт өмір кешудеміз. «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе ұмытылмақ емес!»

Биылғы тағы бір ерекше оқиғаның бірі – Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Сіздерді 7 Мамыр осынау айтулы мерекемен де құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысына біздің жоғары оқу орнынан 200-ден астам студент пен оқытушы қатысты. Отан қорғап, олардың көбісі елге оралмады. Алты азамат: Мұса Баймұханов, Максим Губанов, Владимир Засядко, Николай Маркелов, Алексей Торопкин, Николай Ященко – Кеңес Одағының Батыры атанса, атақты ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талгат Бигелдинов – біздің университеттің түлегі.

ҚазҰТЗУ-дың Әскери кафедрасының тарихы өте бай екенін атап өткім келеді: Кеңес дәуірі кезінде студенттерді әскери дайындықтан өткізу жүйесі дәл осы Политехтың қабырғасында алғаш рет енгізілген болатын.

Біздің қасиетті борышымыз – бүгінгі осы бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімділік орын алған тыныш елде бақытты өмір сүруіміз үшін кеуделерін отқа тосып, қан майданда қаза тапқан ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығын ешқашан ұмытпай, мәңгілік жадымызда сақтау!

Келе жатқан мерекелеріңізбен, құрметті достар! Отбасына береке-бірлік, мол бақыт тілеймін! Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

Ізгі ниетпен, 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры

Ескендір Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту