Ақпарат:

24 қазан 2023 2469

Ректордың Республика күнімен құттықтауы 2023

Ректордың Республика күнімен құттықтауы 2023

Қымбатты ұстаздар мен студенттер! Құрметті әріптестер!

Сіздерді еліміздің төл мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің егемендік алуына алғашқы қадам жасалған тарихи күн. 1990 жылы дәл осы күні «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған болатын. Біз таңдаған сара жол бәрімізді ұлт ретінде біріктіріп, экономиканың әртүрлі салаларында орасан зор табыстарға жетуге мүмкіндік берді және тұтастай Орталық Азия аймағында көшбасшылыққа әкелді.

Осы тарихи мерекенің рухы мен энергиясы сіздерге оқуға, зерттеу жұмыстарына, ғылыми жұмыс жазуға және күнделікті басқа да істеріңізге шабыт сыйласын. Ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін және еліміздің игілігі үшін жасаған адал еңбектеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс!

Мереке құтты болсын, достар! Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Игі тілектен,

Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту