Ақпарат:

24 қазан 2024 1021

Ректордың Республика күнімен құттықтауы 2024

Ректордың Республика күнімен құттықтауы 2024

Құрметті әріптестер, студенттер!  Қадірлі достар!

Сіздерді Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік егемендігіміз туралы декларацияда біздің Отанымыздың тәуелсіз мемлекеттілігінің негізгі қағидаттары белгіленген. Біз Тәуелсіздігіміздің жеткен жетістіктерін қастерлеп, бірлікті, ынтымақты, патриотизмді нығайтуымыз керек.

Қазір біздің алдымызда Әділетті Қазақстан құру міндеті тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Жалпы, университеттер мен ғылыми ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын стратегиялық орталықтарға айналуы тиіс». Ғылыми және академиялық қоғамдастықтың, бизнес пен мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру арқылы ғана біз алға қойған мақсаттарға жете аламыз!

Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасына аманшылық және игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Отанымыз мықты, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Мереке құтты болсын, қымбатты достар!

Игі тілектен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту