1 қазан 2021 4782

Ректордың Ұстаздар күнімен құттықтауы!

Ректордың Ұстаздар күнімен құттықтауы!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Халықаралық Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздар күні – бәріміз үшін аса маңызды мереке. Ұстаз біздің әрқайсымызға үлкен өмірге есік ашып, дұрыс бағыт-бағдар береді. Еліміздің экономикалық өркендеуінің негізін қалап, өскелең ұрпақтың мәдениетті түрде қалыптасуына мүмкіндіктер жасайды. Сондықтан Қазақстанда ұстаз мамандығы мемлекеттік деңгейде ерекше мәртебеге ие болып отыр.

Абыройлы мереке күні сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол табыс тілей отырып, саналы ұрпақ тәрбиесіне қосқан ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс білдіремін!

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту