30 желтоқсан 2021 4726

Ректордың Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзі

Ректордың Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзі

Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Биылғы жылы көп жұмыс атқарылды, алдағы жылы университетіміздің гүлденуіне себеп болатын әлі талай міндеттер күтіп тұр.

Satbayev University-де көпжылдық дәстүрлер қалыптасқан, сондықтан да бізді бірнеше жас ұрпақ өздерін ғылыми жолда дамытатын бір үлкен отбасы деп атауға болады!

Ал сапалы түрде даму үшін дереккөздерге жүгінуіміз керек. Қазақ халқы ежелден мемлекет алдында тұрған күрделі міндеттерді шешу үшін, ақсақалдар кеңесіне жүгінген. Ақсақалдар кеңесі – тәжірибесі мол ғалымдар ғана емес, олар дана тұлғалар. Халқымыздың салт-дәстүріне сүйене отырып, біз барлық экс-ректорларды біріктіре отырып, Satbayev University қабырғасында Ректорлар кеңесін құру туралы шешім қабылдадық. Олардың мол тәжірибесі мен терең білімі бізге қателіктерден жол бермеуге және даму стратегиясымызды анықтауға көмектеседі.

Жаңа жылда Сіздерге бар жақсылық, жұмыста табыс пен сәттілік және отбасыларыңызға денсаулық пен аманшылық тілеймін!

Игі құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту