5 мамыр 2023 3916

Ректордың Жеңіс күнімен құттықтауы 2023

Ректордың Жеңіс күнімен құттықтауы 2023

Қымбатты ардагерлер! Құрметті жауынгерлер, әріптестер, докторанттар, магистранттар, студенттер!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні біз азаттық пен тәуелсіздігіміз үшін күрескен батырларымызға тағзым етіп, бауырлас халықтардың ерлігін, бейбітшілік пен өзара ынтымақтастық жолындағы қаһармандық күресін еске аламыз.

Сәтбаев Университеті үшін бұл атаулы датаның маңызы өте зор, өйткені Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің университет қабырғасында Әскери кафедра ашылып, Қазақстанда әскери мамандарды даярлаудың негізі қаланған болатын. Сондықтан да олардың ерліктерін еске алу – жаңа белестерге жету жолында бізге әрқашан шабыт береді.

Арамыздағы ардагерлерге зор денсаулық, бақытты өмір, ал өскелең ұрпаққа ата-бабаларымыздың қасиетті дәстүрі мен мол мұрасын лайықты түрде жалғастыра берсін деп тілеймін. Политехтің жас түлектері ата-бабаларымыздың абыройын сақтап,  мерейін одан сайын үстем ете беретініне мен кәміл сенемін.  

Сіздерге зор денсаулық, аманшылық пен тыныштық тілеймін! Әрбір атқан таң тек қана мол қуаныш пен жағымды жаңалықтар әкелсін!

Зор құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту