Ресейдегі бакалавриат және магистратура студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша орыс және ағылшын тілдерінде оқуға құжаттарды қабылдау ашық
ITMO Университеті бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024-2025 жылдың көктемгі семестріне өз қаражаты есебінен қабылдау туралы хабарлайды.
ИТМО университеті (технологиялар, механика және оптика институты) — Ақпараттық технологияларға, физикаға, инженерлік ғылымдарға және жоғары технологиялармен байланысты басқа салаларға маманданған Ресейдегі жетекші университеттердің бірі. Ол 1900 жылы Санкт-Петербургте құрылды және содан бері Ресейдегі ғылым мен білім саласындағы ең танымал университеттердің біріне айналды.
Құжаттар:
- CV,
- GPA (кемінде 2.67),
- ағылшын және орыс тілдеріндегі транскрипт,
- ағылшын тілін білу деңгейі B2-ден кем емес баламалы біліктілік болуы керек (ағылшын тілі кафедрасынан сертификат алуға болады),
- паспорттың сканерлеу көшірмесі.
Стипендия саны: 2
Мамандығы:
Бакалавриат (3-4 курс):
- Ақпаратты қорғау технологиялары (орыс тілінде);
- Робототехника және жасанды интеллект (орыс тілінде);
- Биотехнология (орыс тілінде).
Магистратура:
- Үлкен деректер (ағылшын тілінде) ;
- Математикалық және компьютерлік модельдеу (орыс тілінде);
- Цифрлық урбанистика (2024/2025 жылдың көктемі ағылшын және орыс тілдерінде);
- Электроинженерия (орыс тілінде);
- Робототехника және жасанды интеллект (орыс және ағылшын тілдерінде).
Қаржылық шарттар:
- Тегін оқыту,
- Тұрғын үй, визалық алым, медициналық сақтандыру және екі жаққа ұшу шығындары студенттің қаражаты есебінен төленеді.
Құжаттарды тапсырудың соңғы күні: 2024 жылдың 06 желтоқсаны.
Қосымша ақпарат бойынша +7 727 292 90 19 нөмеріне хабарласып немесе кеңсеге келіп сұрасаңыз болады. Халықаралық ынтымақтастық кеңсесі Мұнай ғимаратының 3 қабатында 302 кабинетте орналасқан.