Ресми түрде: ең үздік жүзгіш-студенттер – Сәтбаев Университетінде
Әйгілі Политех ұжымы университеттің жүзушілер командасын Қазақстан Республикасының XII жазғы Универсиадасында сәтті өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтайды! 24–29 мамыр аралығында Ақтауда біздің жүзушілер бірінші болып жарысқа шығып, жеке спорт түрі – жүзуден кубок жеңіп алды.
Жарысқа Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсетіп, спорттың 20 түрінен 30 жарыста бақ сынаған ең мықты студент-спортшылардың басын қосты. Жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталды. Политехтың жүзушілері жеке және командалық есепте өнер көрсетіп, бір алтын, төрт күміс және екі қола медальді, сондай-ақ жалпы командалық есепте Универсиада кубогын жеңіп алды.
Александр Ащеулов пен Данил Борисенко жарыстар, жүзу сияқты жеке спорт түрінен командалық жұмыстар туралы және табандылық пен өзіне деген сенімділік студенттерге бассейнде және өзара ресми қарым-қатынаста жеңіске жетуге қалай көмектескені туралы айтып берді.
Александр Ащеулов: Біз өте жақсы барып қайттық. Әсерлі эмоция өте көп. Бұрын ешқайда барған емеспін, әсіресе Универсиадаға, тіпті басқа қалаға да барған емеспін, тек Алматыда ғана өнер көрсеттім. Алайда мұндай деңгейдегі жарыс мен үшін ғана емес, басқалар үшін де бірінші рет болды. Ең бастысы – біз тату-тәтті ұжым бола білдік. Саналы спортсмендер бас қосып, бір-бірін қолдап, жеңіліске еш мұрша қалдырмады. Және бұл өте қызық болды. Ал жарыстың соңғы шешуші күнінің алдында бізге бойтұмарымыз – Кірпі жүгіріп келді! Оны қонақ үйге апарып, тамақтандырып, қайтадан жібердік. Болды. Сөйтіп жеңіске жеттік!
Данил Борисенко: Жарыс эмоционалды түрде өткенімен, өте қиын да болды. «Ескі мектептің» спортшыларымен, яғни Куценко, Юрий Сергеевич сынды ескі бапкерлер ескі жүйе бойынша сабақ берген спортшылармен жарысуға тура келді. Олардың көпшілігі марқұм болып кеткен. Бірақ олардың шәкірттері – нағыз мықты бәсекелестер. Біздің Юрий Михайлович Фролов деген тамаша жаттықтырушымыз бар, осы жеңіске ол өте көп күш салды. Нәтижесінде біздің команда қашықтықтардың ешқайсысынан бірде-бір ескерту алмастан жеңіп шықты. Бәрі де біздің команданың техникасы ең жақсы болғанын айтты.
Александр Ащеулов: Иә, жарыс өте қиын болды. Тіпті бізге жеңісімізді ресми түрде қорғауға тура келді. Марапаттау рәсімінен кейін біздің қарсыластарымыз, ҚазҰУ командасы апелляциялық шағым түсіріп, біздің 4 ұпайға ұтылып қалғанымызды айтты. Біз қатты қобалжыдық, бірақ та берілмей, жарыс нәтижесін қайтадан есептей бастадық.
Данил Борисенко: Политех бізге санауды үйретіп, жеңіске жетуге көмектесті!
Александр Ащеулов: Иә, біз ақыры қате таптық – нәтижелерді есептеу кезінде бір жүзуді есепке алмаппыз. Бүкіл ұжым болып ұйымдастырушыларға жүгініп, қателігімізді дәлелдедік. Сөйтіп кубокты өзімізбен бірге алып кеттік!
Данил Борисенко: Бұл өте маңызды жеңіс, өйткені ол Азия ойындарына қатысу құқығын береді. Біз қазірден бастап оған дайындалып жатырмыз, бірақ өз бассейніміз болмағандықтан, бізде әлі де жаттығу уақыты жеткіліксіз. Алайда мұндай жағдайда да біз барынша дайындалуға тырысамыз. Өйткені біз Политехтің өкілдеріміз ғой, сондықтан да жай ғана ұтыла салмаймыз.
Александр Ащеулов: Өзіміздің университетке қолдау көрсету – өте маңызды. Бізге киім формасын дайындаған жігіттерге алғыс айтқымыз келеді. Форма – бұл команданың бет-бейнесі, біз бесеуміз бірдей болып жүргенде, қандай да бір құрама команда келді деп бәрі ойлайды. Сол кезде өз-өзіңе деген сенім бірден артады. Сонымен қатар Универсиадаға қатысқан барлық спортшыларға да зор алғыс айтамыз. Барлығы бізді қолдады. Бұл да жеңіске жетуге көмектесті.
Данил Борисенко: Жарыстар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әсіресе байқауды ұйымдастырушы ақтаулық Дананың еңбегі зор.
Александр Ащеулов: Спортпен шұғылданыңыздар! Спорт – бұл өмір. Қозғалыс – бұл өмір, – деп бәріне де айтқымыз келеді.
Данил Борисенко: Ал мұндай жарқын эмоциялар команда болып ойнап, жеңіске жеткенде ғана сезіледі. Бұл тек спортта ғана болады.
Политех атынан шыққан жас спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта жаңа жеңістер мен кәсіби табыс тілейміз! Олимпиада медаліне жету туралы армандарыңыз орындалсын!
Жеке есеп:
Данил Борисенко
3-орын – 50 метрге көбелекше жүзу
2-орын – 50 метрге арқада жүзу
3-орын – 100 метрге көбелекше жүзу
Александр Ащеулов
2-орын – 50 метрге еркін жүзу
3-орын – 100 метрге еркін жүзу
Командалық есеп:
Сәтбаев Университетінің командасы: Данил Борисенко, Артем Укасов, Данияр Алькенов, Александр Ащеулов, Матвей Коротков.
1-орын – 50 метрге аралас эстафета
2-орын – 50 метрге еркін жүзу эстафетасы