Сәтпаев университетінің студенттері «Адал Азамат» конференциясында жүлде жеңіп алды
Жастар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту мақсатында Сәтбаев университетінде «ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының» ұйымдастыруымен «Адал азамат» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған іс-шараға Алматы қаласының 6 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, өз ғылыми жұмыстары мен бастамаларын ұсынды.
Конференцияға қатысуға «Қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Әбілқайырова Ботагөз Темірболатқызы келесі студенттерді дайындады: Қыдырбек Шұғыла, Ілесбеков Нұрасыл, Амантай Аружан, Қабдулда Нұрай, Наукенова Бекзат, Бимақан Әзілі, Ғабиден Әзіли, Ғабиден Әулийіи, А. Балнұр.
Конференция қорытындысы бойынша университет студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Бұл жетістік студенттердің академиялық адалдық қағидаттарын ұстанып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді атсалысатынын көрсетеді.



