Ақпарат:

30 сәуір 2026 291

Сәтпаев университетінің студенттері ұлттық қазақ тілі байқауында жүлделі орын иеленді

Сәтпаев университетінің студенттері ұлттық қазақ тілі байқауында жүлделі орын иеленді

Сәтпаев университетінің студенттер командасы Қазақ ұлттық әйелдер педагогикалық университетінде өткен «Қазақ тілі» пәндік ұлттық байқауында екінші орын алды.

Самалат Исраилова, Роман Цой және Александр Сухинин Сәтпаев университетінің абыройын асырды. Команданың ғылыми жетекшісі – қазақ тілі оқытушысы Бұбұл Қарбова болды. 

Байқастың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, студенттердің тілдік дағдыларын дамыту және ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту болды.  Елдің барлық аймақтарынан он тоғыз команда қатысты. Байқау барысында 17 ұлт өкілдерінен құралған студенттер қазақ тілін сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау сияқты тілдік дағдылардың барлық саласында жоғары деңгейде меңгергендерін көрсетті.

Студенттердің мұндай бастамаларға қатысуы адам капиталын дамытуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және мемлекеттік тілді ұлттық болмыстың негізгі элементі ретінде насихаттауға ықпал етеді. Бұл Тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде сапалы білім беру мен теңсіздікті азайтуға сәйкес, инклюзивті және тұрақты қоғам қалыптастыруға тікелей әсер етеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту