10 желтоқсан 2021 3580

Сәулет және құрылыс институтының магистранты – үздіктер қатарында!

Сәулет және құрылыс институтының магистранты – үздіктер қатарында!

Сәтбаев Университетінің магистранты Шырын Маусымбек Қазақстанның үздік магистранттарының республикалық байқауында жеңімпаз атанды. «Bilim Orkenieti» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік магистранттарды марапаттайды. Биылғы жылы бұл салтанатты шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 7 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Шырын Маусымбек «Инженерлік жүйелер мен желілер» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның 2-курсында оқиды. Жуырда өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» конференциясында ол білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін бірінші дәрежелі дипломмен және «Қазақстанның үздік магистранты» төсбелгісімен марапатталды.

«Осы байқауға қатысуға маған мүмкіндік берген Сәтбаев Университетіне және өзімнің ғылыми жетекшім Асқар Қабдошұлына жеке алғысымды білдіремін», – деді өз сөзінде Шырын Маусымбек.

Магистрант Института архитектуры и строительства имени Т.Басенова - в числе лучших!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту