Сәулет және құрылыс институтының студенттері BIM-технологияларын игеруде
Біз университетімізде өткен «Сандық Қазақстан: BIM-технологияларын білім мен практикада енгізудің жаңа бағыттары» атты II Халықаралық инновациялық форумның қорытындысы туралы жазған болатынбыз.
«Сандық Қазақстан» екінші форумы қызығушылық танытқандарға ақпараттық модельдеу бойынша маман ретінде өзін көруге және BIM-технологиясының маңызын түсінуге мүмкіндік беретін ортаға айналды. KAZGOR Жобалау академиясының ұйымдастыруымен өткен студенттік жұмыстардың конкурсы студент-сәулетшілерге өздерін болашақ жұмыс беруші ретінде көрсетуге көмектесті. Жеңімпаздар құрамында «Сәулет» мамандығының 5-курс студенті Дарья Магдич та бар.
BIM – құрылыс қателіктерін төмендететін және құнын азайтатын, сонымен қатар дүние жүзі бойынша сәулет бюросын өркендететін ерекше технология. BIM-технологиясын білетін сәулетшілер цифрландыру уақытында жоғары талапқа сай және жоғары жалақылы мамандар болып есептеледі. Сондай-ақ өз өмірін құрылыс мамандығымен байланыстыруды жоспарлаған көптеген жас мамандар оқу бітіргеннен кейін жұмыс берушілердің BIM-мен жұмыс жасау біліктілігін талап ететіндігіне дайын болу керек.
Жас мамандарға осы талаптарға дайын болу үшін, Сәтбаев университетінің Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты бакалавриаттың 4-курс студенттеріне мен магистранттарға арналған BIM бойынша арнайы оқу курсын жүргізді. Қазіргі уақытта Сәтбаев университеті –аталған технология бойынша студенттердің білім алуына мүмкіндік беретін Қазақстандағы бірден-бір жалғыз университет.
Форум шеңберінде BIM-технологиясын алғаш игерушілер үшін жетекші мамандар шақырылып, қызықты және тәжірибелік шеберлік-кластар жүргізілді. Студенттер пікір алмасып, біріге отырып арнайы жобалар жасады, сонымен қатар BIM-технологиясында қолданылатын жаңа жабдықтармен танысты. Өте белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды.