Ақпарат:

23 қазан 2019 4011

Сегіз адамның орнына алпыс студент орналасты

Сегіз адамның орнына алпыс студент орналасты

Қалалық сот қызметкерлері мен сот үкімін орындаушылардың жұмыла кіріскен іс-әрекеттерінің нәтижесінде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың №5 жатақханасында заңсыз тұрып жатқан бұрынғы қызметкерлер 16 бөлмені босатып, олардың орнына бірінші курстың 60 студенті орналастырылды.

Солардың бірі Олжас Сейсен өз қуанышымен былайша бөлісті:

– Маған жатақханадан орын бергендері үшін университет басшылығына зор алғыс айтамын. Мен өте қуаныштымын, өйткені Алматыда бір бөлме жалдап тұрудың өзі тым қымбат. 

Студенттерді тұрғылықты орынмен қамтамасыз ету мәселесін оң шешу үшін университет тарапынан кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қыркүйек айында Ладыгин көшесі, 34-үйде орналасқан жаңа жатақхана қолданысқа берілді, ол 260 адамға арналған. Алдағы қаңтар айында 300 адамға арналған № 4 жатақханаға орналастыру басталады деп күтілуде. Қазіргі таңда ондағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Университеттің инфрақұрылымын жақсартып, сырттан келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету олардың оқу үлгерімінің жақсы болуына да қатты әсер етері сөзсіз. Ештеңеге алаңдамай сабақ оқып, техникалық пәндерді сәтті меңгеру үшін бұл басты шарт болып табылады, дейді университет басшылығы.

Сәйкесінше, жатақханаларда заңсыз тұрып жатқан бұрынғы қызметкерлердің орнына студенттерді орналастыру үрдісі ҚР заңдылықтары негізінде әрі қарай жалғастырыла береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту