Ақпарат:

10 мамыр 2017 6155

«СёрчИнформ» компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды

«СёрчИнформ» компаниясымен ынтымақтастық туралы  келісім-шартқа қол қойылды

Жетекші университеттердің қазіргі заманғы жоғары технологиялы компаниялармен қарым-қатынасы дүние жүзі бойынша кең қанат жайып келеді. Мұндай ынтымақтастық қарым-қатынас білімнің қазіргі заманғы талаптарын орындауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, университеттер жұмыс берушілердің нақты талаптарына қарай өз оқу бағдарламаларын түрлендіріп отырады, ал жұмыс берушілер өз қатарын кәсіби мамандармен толықтыратынына сенімді болады.

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ көптеген отандық және шетелдік компаниялармен белсенді түрде бірлесе жұмыс жасап келеді. Әсіресе ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласына мамандар даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Осыған орай «СёрчИнформ» компаниясы мен Университет арасында қол қойылған келісім-шарт аясындағы іс-әрекеттер «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша бакалавр мен магистранттарды даярлау деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Бұл орайда Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасы маңызды роль атқарады.

Келісім-шартқа сәйкес, Университетке «СёрчИнформ» Ақпараттық қауіпсіздік контуры» (сұранысқа өте жиі ие болатын DLP-жүйелерінің бірі) бағдарламалар кешені мен оны жүзеге асыруға қажетті оқу-әдістемелік материалдар беріледі. Университет студенттері келешекте компанияның басқа да өнімдерімен танысуға мүмкіндік алады.

Оқу үдерісін сәтті жүргізу үшін оқытушы мамандар қажет екені маңызды мәселелердің бірі болғандықтан, компания «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамын «DLP-жүйесін қолдану тәжірибесі» атты бағдарлама бойынша оқытып, оларға осы бағдарлама өнімдерін қолдануға рұқсат беретін арнайы куәліктер тапсырады.

Университет пен компания арасындағы ынтымақтастық байланыс өзара іс-әрекет етудің әртүрлі жолдарын қарастырады: ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға бірлесе отырып қатысу; компанияның жетекші мамандарының студенттер алдында баяндама жасауы; «СёрчИнформ» бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін қолдану аясында студенттерге өз білімдерін дамытуға мүмкіндік беру үшін және тәжірибе жинау үшін оларға арнайы куәліктер тапсыру мәселесін іске асыру. Мұндай куәлік оларға ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мансабын сәтті бастауға негіз бола отырып, университет түлектері арасында нақты бәсекелестік ерекшеліктің орнауына түрткі болуы мүмкін.

Осы келісім-шартқа қол қою туралы ойын білдірген «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі Нұргүл Сейілова өз сөзінде былай деді: «Университет инженерлік білім беру саласында әрқашан да республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны болып саналады. Бүгінгі келісім-шарт – осы салада алдыңғы қатарлы компаниялармен сәтті достық қарым-қатынас жасауымыздың  айқын дәлелі іспетті». 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту