СҒЗЖ Республикалық конкурсы ІІ кезеңінің қорытындысы (2024 жылғы көктем)
Сәтбаев Университетінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Біз қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы еңбектеріне табыс тілейміз!
«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру комитетінің 04/ № 14-0/1420-BH 01.04.2024 жылғы хаты негізінде ҚР жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері арасында жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу конкурсының II кезеңін келесі бағыттар бойынша өткізуге арналған базалық университет болып табылады:
- «Жерге орналастыру» (бакалавр және магистратура);
- «Химиялық инженерия және процестер» (Органикалық заттардың химиялық технологиясы (магистратура), Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы (бакалавриат);
- «Геология» (Қатты пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау) (бакалавриат және магистратура);
- «Автоматтандыру және басқару» (бакалавриат);
- «Робототехника жәнемехатроника» (Аспап жасау) (бакалавриат);
- «Жылу энергетикасы» (бакалавриат).
Басқарма мүшесі - Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Е.И. Көлдеевтің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 192-П/Ө бұйрығына сәйкес жоғарыда аталған бағыттар бойынша конкурстық комиссиялардың құрамы 36 адам болып бекітілді. Студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының 2024 жылғы ІІ кезеңінің жеңімпаздары 37 адам болды.
Конкурс комиссиясы отырысының протоколдары:
- Автоматтандыру және басқару саласындағы СҒЗЖ 2024 хаттамасы
- Геология саласындағы СҒЗЖ 2024 хаттамасы
- Аспаптар саласындағы СҒЗЖ 2024 хаттамасы
- Жылу энергетикасы саласындағы СҒЗЖ 2024 хаттамасы
- Химиялық инженерия және процестер саласындағы СҒЗЖ 2024 хаттамасы
- Химиялық инженерия және процестер саласындағы МҒЗЖ 2024 хаттамасы
- Жер ресурстарын басқару саласындағы СҒЗЖ 2024 хаттамасы
- Жер ресурстарын басқару саласындағы МҒЗЖ 2024 хаттамасы
Конкурсқа ҚР 16 жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру орындарынан студенттер мен магистранттардың барлығы 74 ғылыми жұмысы қабылданды:
- А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
- Сафи Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
- М.Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті
- Торайғыров университеті
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
- Қазақ-Британ техникалық университеті
- Алматы технологиялық университеті
- Яссауи университеті
- М.Тынышбаев атындағы ALT университеті
- Қоркыт ата атындағы Қызылорда университеті
- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және байланыс университеті
- М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті