Ақпарат:

22 сәуір 2026 533

Шахмардан Есенов атындағы қор YDL жазғы бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады

Шахмардан Есенов атындағы қор YDL жазғы бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады

Yessenov Data Lab жазғы мектебі – қазақстандық жас ғалымдар мен мамандарды үлкен деректерді талдауға үйретуге арналған 4 апталық жаздық интенсивті оқу. Бағдарлама 20 қатысушыға арналған, ол 2026 жылғы 17 маусым мен 13 шілде аралығында Алматы қаласында өтеді. Қатысушыларға Yessenov Data Lab мектебінің сертификаттары, сондай-ақ AlmaU университетінің академиялық транскрипті беріледі, бұл құжат Болон процесінің халықаралық білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді.

Мектеп бағдарламасы Python және чат-боттар меңгеруді, машиналық оқыту, үлкен тілдік модельдерді және компьютерлік көру бағыттарын оқытуды қамтиды. Биыл біз бір аптаны толықтай жасанды интеллект агенттерін әзірлеуге арнадық, онда мықты лекторлар – жергілікті деңгейдегі жетекші профессорлар мен сарапшылар, сондай-ақ шақырылған халықаралық спикерлер – осының бәрін үйретеді.

Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан азаматтары, бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері, сондай-ақ техникалық және жаратылыстану бағыттарында жұмыс істейтін мамандар қатыса алады. Қор басқа қалалардан келген жеңімпаздардың жол ақысы мен тұру шығындарын толық өтейді. Мектепке келген барлық тыңдаушылар тамақпен қамтамасыз етіледі.

Мектептің бағдарламасы:

  • 2 апта онлайн — 2026 жылғы 15 маусымнан 26 шілдеге дейін;
  • 2 апта офлайн — Алматы қаласында 2026 жылғы 29 маусымнан 10 шілдеге дейін.

Оқу барысында сіз:

  • Нейрожелілердің қалай жұмыс істейтінін нақты түрде түсінетін боласыз;
  • LLM-ді (үлкен тілдік модельдерді) «сиқыр» деп қабылдауды тоқтатасыз;
  • Командада жұмыс істеу тәжірибесін жинақтайсыз;
  • Кәсіби байланыстарыңызды кеңейтіп, сарапшылармен танысасыз.

Бағдарлама, ереже және өтінім беру. Өтінім қабылдау мерзімі — 28 сәуірге дейін.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту