Ақпарат:

27 ақпан 2026 33

Шахматтан бастап киберспортқа дейін: Сәтбаев университеті салауатты өмір салтын дамытуды нығайтуда

Шахматтан бастап киберспортқа дейін: Сәтбаев университеті салауатты өмір салтын дамытуды нығайтуда

Сәтбаев университеті белсенді, салауатты әрі заманауи университеттік орта ретінде өз позициясын жүйелі түрде нығайтып келеді. Университет студенттер мен оқытушыларға салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасап қана қоймай, спорттық инфрақұрылым мен жарыстың әр түрлерін белсенді түрде дамытуды қолға алған.

Университет үшін ақпан айындағы ең маңызды спорттық оқиға – «JJET» кибераренасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Бұл қадам студенттік киберспортты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Аталған бастама академиялық дайындық пен цифрлық спорттық пәндерді ұштастыра отырып, студенттерге осы кәсіби алаң базасында жаттығуларға, турнирлерге және білім беру шараларына қатысуға мүмкіндік берді.

Киберарена алаңында алғашқы жарыстар, атап айтқанда – Students CUP 2026 студенттік жарыстар аясындағы киберспорт турнирлері өтті. Бұл жарыстар шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шағын футбол және волейбол секілді спорт түрлерімен қатар ұйымдастырылды. Жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімін ректор Мейрам Бегентаев өткізіп, болашақ инженерлер мен көшбасшылар үшін командалық рухты, көшбасшылық қасиеттерді және жеке тәртіпті қалыптастыруда спорттың маңызы өте зор екенін атап өтті.

Студенттік жарыстармен қатар университетте оқытушылар мен қызметкерлерге арналған дәстүрлі «Денсаулық-2026» спартакиадасы да өз мәресіне жетті. Оның аясында командалар шахмат, үстел теннисі, волейбол және футбол бойынша өзара сынға түсті. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Тау-кен металлургия институты, екінші орынды Сәулет және құрылыс институты, үшінші орынды Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты иеленді. Ал Көлік инженериясы және логистика мектебіне командалық рух үшін арнайы Кубок табысталса, Тау-кен металлургия институты қатарынан үш жыл бойы спорттық көшбасшылық танытқаны үшін Суперкубокқа ие болды.

Сәтбаев университеті спортты дамытуда кешенді тәсілді дәйекті түрде жүзеге асырып келеді – зияткерлік және командалық спорт түрлерінен бастап киберспортқа дейін. Университет дене шынықтыруды, салауатты өмір салтын және цифрлық құзыреттерді білім беру ортасының ажырамас бөлігіне айналдыру үшін барлық жағдайды жасауда.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту