26 қыркүйек 2023 1595

"Шет тілдер" кафедрасы оқытушылары мен қызметкерлерін ағылшын тілі курстарына шақырады

"Шет тілдер" кафедрасы оқытушылары мен қызметкерлерін ағылшын тілі курстарына шақырады

Жобаларды Басқару Институтының "Шет тілдер" кафедрасы Satbayev University оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған ағылшын тілі курстарына қабылдаудың басталғанын хабарлайды!

Біз жаңадан бастаушылар үшін де, тіл үйренуді жалғастырушылар үшін де әртүрлі деңгейлерді ұсынамыз. Сондай-ақ, IELTS-қа дайындық та қарастырылған. Курс оқытушылары шетелдік дипломдарға, көпжылдық тәжірибе мен халықаралық сертификаттарға ие жоғары білікті мамандар.

Әрбір заманауи адамның өмірінде ағылшын тілінің рөлі айқын және сөзсіз. Ағылшын тілі ғылым, инновация, бизнес, тіпті интернеттің тілі екенін ескерсек, аталмыш тіл біз үшін шетелдіктермен қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар лингва-франка - түрлі мәдениеттердің өкілдерімен де жалпы байланыс құралы болып табылады.

Топтық дәрістер аптасына 2 рет 90 минуттан оффлайн форматында өтеді:

  • Beginner English
  • Elementary English
  • Pre-Intermediate English
  • Intermediate English
  • Upper-Intermediate English
  • IELTS (TOEFL) (Intermediate және жоғары деңгейлер үшін)

Тілді дамыту және тілдік тәжірибе алу үшін English Clinic Zone - ға бару тегін!

Курстар ұзақтығы – 3 ай (02.10.2023-30.12.2023.)  Курс бағасы – айына 20 000 теңге. IELTS (TOEFL) курсының бағасы – айына 30 000 теңге. 

Таңертеңгі уақыттағы топтар:

  • Дүйсенбі, сәрсенбі: 07:15 - 08:45.
  • Сәрсенбі, жұма: 07.15 - 08.45.
  • Сейсенбі, бейсенбі: 07:15 - 08:45.

Кешкі уақыттағы топтар:

  • Дүйсенбі, сәрсенбі: 18:00 - 19:30.
  • Сәрсенбі, жұма: 18:00 - 19:30.
  • Сейсенбі, бейсенбі: 18:00 - 19:30.

Курстарға қабылдау диагностикалық тестілеуден өту кезінде жүзеге асады, тестілеу 2023 жылдың 01 қазанына дейін жүреді. Сабақтардың басталу мерзімі – 02 қазан, 2023 ж. 

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: Жантелова Эльвира, WhatsApp: +7 701 443 59 21, e.zhantelova@satbayev.university

Курстарға тіркелу үшін осы сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз.

Курстарға тіркелу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту