25 қаңтар 2024 2207

"Шет тілдер" кафедрасы Satbayev University оқытушылары мен қызметкерлерін ағылшын тілі курстарына шақырады

"Шет тілдер" кафедрасы Satbayev University оқытушылары мен қызметкерлерін ағылшын тілі курстарына шақырады

Жобаларды Басқару Институтының "Шет тілдер" кафедрасы Satbayev University оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған ағылшын тілі курстарына қабылдаудың басталғанын хабарлайды!

Біз жаңадан бастаушылар үшін де, тіл үйренуді жалғастырушылар үшін де әртүрлі деңгейлерді ұсынамыз. Сондай-ақ, IELTS-қа дайындық та қарастырылған. Курс оқытушылары шетелдік дипломдарға, көпжылдық тәжірибе мен халықаралық сертификаттарға ие жоғары білікті мамандар.

Әрбір заманауи адамның өмірінде ағылшын тілінің рөлі айқын және сөзсіз. Ағылшын тілі ғылым, инновация, бизнес, тіпті интернеттің тілі екенін ескерсек, аталмыш тіл біз үшін шетелдіктермен қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар лингва-франка - түрлі мәдениеттердің өкілдерімен де жалпы байланыс құралы болып табылады.

Біздің ұсыныстарымыз;

  • Beginner English
  • Elementary English
  • Pre-Intermediate English
  • Intermediate English
  • Upper-Intermediate English
  • IELTS (TOEFL) (Intermediate және жоғары деңгейлер үшін)

Топтық дәрістер аптасына 2 рет 90 минуттан оффлайн форматында өтеді:

Курстар ұзақтығы – 3 ай (ақпан-сәуір) 

Курс бағасы – айына 25 000 теңге.

IELTS (TOEFL) курсының бағасы – айына 40 000 теңге.

 

Курстарға тіркелу

2024 жылдың 01 ақпанына дейін тіркелсеңіз өзіңізге қолайлы сабақ кестесін жасау мүмкіндігіңіз бар.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: 

Жантелова Эльвира, WhatsApp: +7 701 443 59 21, e.zhantelova@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту