Ақпарат:

19 қараша 2018 6695

«Шнейдер Электрик» зертханасында Unity Pro және Vijeo Designer курстары өтті

«Шнейдер Электрик» зертханасында  Unity Pro және Vijeo Designer курстары өтті

Сәулет, құрылыс және энергетика институтының «Энергетика» кафедрасына қарасты «Шнейдер Электрик» зертханасы қараша айының алғашқы аптасында Павлодар мұнай-химия зауытының инженер-технологтарымен «Unity Pro и Vijeo Designer қосымшаларымен жұмыс жүргізу ортасы» тақырыбында, ал қазан айының соңғы күндері мен  қараша айының басында Ақтау қаласындағы «СП» CASPI BITUM» ЖШС-нан келген инженер-электриктермен «Altivar 71/61 түрлендіргіші бар жиілігі реттелетін асинхронды электржетектері» тақырыбында біліктілікті жоғарылату жөніндегі екі курсты табысты өткізді.

         Өткізілген сабақтардың жартысы аты әлемге танымал «Шнейдер Электрик» компаниясының қазіргі заманғы стендтері мен бағдарламалық қамдамалары колданылатын практикалық сабақтар болды. Олардың көмегімен тыңдаушылар әртүрлі өндірістік жағдайларды модельдеп, оларды баптау мен басқару дағдыларын үйренді.

Біліктілікті жоғарылату курстары өту барысында тыңдаушылар «Шнейдер Электрик Қазақстан» ЖШС-нің өкілімен кездесіп, осы компанияның жабдықтарын пайдалану кезінде пайда болған сұрақтарына толықтай жауап алды. Сонымен бірге Altivar жиілік түрлендіргіштері мен Unity Pro и Vijeo Designer өндірістік қосымшаларының жаңа түрлері мен олардың мүмкіндіктері жайлы құнды ақпараттармен танысты. 

Курстар соңында тыңдаушыларға біліктілікті жоғарылату курстарын өткендігі туралы сертификаттар берілді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту