Шығармашылық гранты: олимпиада жеңімпаздары Satbayev University-де оқу грантын алды

Satbayev University-де "сурет" және "сызу" шығармашылық пәндер кешені бойынша бітіруші сынып оқушыларына арналған Олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстанның 70-тен астам жалпы орта білім беретін мектептерінің, лицейлері мен гимназияларының 11-сынып оқушылары қатысты.
Бұл жыл сайын Satbayev University-де өткізілетін оқушыларға арналған дәстүрлі шығармашылық олимпиада. Сәулетші және дизайнер болғысы келетін дарынды талапкерлер болашақ оқытушыларға өз қабілеттерін көрсетуге және шығармашылық емтихандар мен университетке түсуге дайындалуға мүмкіндік алады. Биылғы жылы оқушылар геометриялық денелердің композициясын және көлемді фигураның проекцияларын және оның аксонометриясын салу бойынша сызбаны орындады.
Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады және "Сәулет" кафедрасының білім беру бағдарламаларына университетке түсуге басым құқық алады. Satbayev University-де шығармашылық емтихандарды тапсыру кезінде барлық сертификат иегерлері қорытынды бағаға қосымша 2-3 балл алады.
Олимпиада жеңімпаздары ақылы оқуға түскен жағдайда оқу грантын алады. Қарқынды күрес нәтижесінде 2025 жылғы Шығармашылық олимпиаданың жеңімпаздары атанды:
1 орын және оқу гранты – Қалас Айбар Нұрбекұлы
2 орын және оқу гранты – Воробьев Матвей Максимович
3 орын және оқу гранты – Махмутова Жанара Ерлановна
2024 жылғы Шығармашылық олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және ҰБТ мен түсу емтихандарын сәтті тапсыруларыңызды тілейміз!
Сіздерді Satbayev University-де күтеміз!