Сіздер үш тілде оқуға дайынсыздар ма?
Қымбатты достар!
Қазақстан Республикасы үш тілді білім беру жүйесіне көшуді жоспарлап отыр. «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасына» сәйкес келесі екі-үш жылда қазақ мектептерінде «Дүниежүзі тарихы» пәні орыс тілінде, ал орыс мектептерінде «Қазақстан тарихы» қазақ тілінде оқытылады. Ал жоғарғы сыныптарда «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері ағылшын тілінде өтеді.
Университеттерде де тілдерді меңгеру талаптары жоғары болады. Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында 2-курстан бастап оқу пәндерінің 20% орыс бөлімдерінде қазақ тілінде, ал қазақ бөлімдерінде орыс тілінде оқытылады. Ал 3-курстан бастап базалық және бейіндік пәндерінің 30% ағылшын тілінде оқытылады.
Бұл мәселені шешу үшін Satbayev University Базалық білім беру институты тілдерді online оқыту бойынша платформа жасауда. Платформа жаңа технологияларды пайдаланады және тілдерді өз бетінше үйренуге көмектеседі, сонымен қатар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Сілтеме бойынша жүріңіз, сауалнама сұрақтарына жауап беріңіз! Берілген сауалнама платформа жасау үшін мақсатты аудиторияны анықтауға көмектеседі.