Сіздерді «Болашаққа кемел біліммен» атты студенттік олимпиадаға шақырамыз - 2025

Республикалық студенттік олимпиада «Болашаққа кемел біліммен» 27.03.2025 – 28.03.2025г. онлайн форматта өтеді.
Олимпиаданың мақсаты: талантты, шығармашылық қабілеттерін көрсететін жастарды анықтау және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты дамыту.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі:
- Инженерлік механика
- Құрылыс механикасы
- Құрылыс материалдары
- Құрылыс конструкциялары
- Геотехника
- Материалтану және құрылымдық материалдар технологиясы
- Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі.
Олимпиаданың І күні - 27.03.2025ж.
900-930 – Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу;
930-1000 – Олимпиаданың салтанатты ашылуы, олимпиада қатысушыларына жеке байқау тапсырмаларын беру;
1030-1330 – Байқау тапсырмаларын орындау.
Олимпиаданың ІІ күні – 28.03.2025ж.
1000-1100 – Нәтижелерді жариялау, олимпиаданың салтанатты жабылуы, жеңімпаздарды, жүлдегерлер мен қатысушыларды онлайн режимінде марапаттау.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы
Айтмуханова Перизат Мейрамовна, т.ғ.к., «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Е-mail: zh.kenzhekhanova@satbayev.university
Өтінім беру мерзімі 17.03.2025 ж. дейін.