«Solar Fest Qazaqstan»
Щучинск қаласында 2019 ж. шілде айының 04 мен 05 аралығында өткізілетін Халықаралық «Solar Fest Qazaqstan» фестиваліне, Satbayev University атынан білім беру және қызмет жөніндегі проректор Наурызбаева Д.К және «6М071800 - Энергетика» мамандығы бойынша білім алатын докторанттар мен магистранттар қатысуда. Конрад Аденауэр Қоры, конкурс қорытындысы бойынша «Казатомпром» ҰАК »АҚ магистранттарын қолдау мақсатында қатысу шығындарын жабу үшін гранттар бөлді.
«Solar Fest Qazaqstan» фестивалінде күн энергетикасының тақырыптық зерттеулері мен жаңартылатын энергия көздерін қолдау шараларын енгізу мәселелері талқылануда. фестивальдің қатысушылары елде күн энергетикасын дамыту бойынша жаңа ұсыныстар мен стратегиялар әзірлейтін болады.