26 сәуір 2018 9849

«Студент және Ғылым» атты ғылыми практикалық конференция

«Студент және Ғылым» атты ғылыми практикалық конференция

2018 жылдың 12 сәуірінде халықаралық ғылым және Қ.И. Сатбаевтың туған күніне орай «Студент және Ғылым» атты ғылыми практикалық конференция өткізілді. Конференцияда «Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар»  және «Ағылшын тілі мәдениетаралық қарым-қатынаста» атты секциялар бойынша  жұмыс жүргізіліп, онда баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тыңдалды.

«Машина жасау» мамандығының 2-курс студенттері Н. Бекмұратов  және А. Бидан ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы А.Ж. Сураншинаның жетекшілігімен жасалған үлкен қалалардағы ауаның ластануымен күресудің тәсілін ұсынған баяндама бойынша «Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар» атты секцияның жеңімпаздары атанды. Екінші орынды «Мұнай газ ісі» мамандығының студенттері А. Сейтжанов пен Сулеймен Демирел университетінің үшінші курс студенттері М. Мұқташова және А. Куссак иеленді. Үшінші орынға бірінші курс студенті Хонжо Хайди және Ш. Жакан, К. Алтынбасова, А. Абатова ие болды.

«Ағылшын тілі мәдениетаралық қарым-қатынаста» атты секцияда студенттер ағылшын тілін оқыту және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша өз зерттеулерімен бөлісті. Аталған секция бойынша үздік жұмыстар ретінде «Машина жасау» мамандығының 2- курс студенттері Р. Машеева и С. Увакова танылды. Екінші орынға Д. Альпеисов и  Қ. Стамқұл, үшінші орынға Ауғанстан келген студенттер Кагар Бабур мен Ибрагим Аллах Бахман ие болды.

Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен номинанттарға, сондай-ақ конференцияға қатысқан студенттерге сертификат пен сыйлықтар табыс етілді.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту