Ақпарат:

25 сәуір 2022 4209

Студенттер Металлургия және байыту институтын аралады

Студенттер Металлургия және байыту институтын аралады

Сәтбаев Университеті Тарихи мұражайының қызметкерлері мен Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының 3-курс студенттері Металлургия және байыту ғылыми-зерттеу институтында болды. Институттағы Ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісі, т.ғ.к. Паничкин Александр Владимирович  студенттерді ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен таныстырып, институт жұмысының ерекшеліктері, ғылыми нәтижелері мен келешегі туралы айтып берді. Студенттер алдында т.ғ.д. Түсіпбаев Несіпбай Қуандықұлы, т.ғ.к. Сукуров Болат Меңдығалиұлы, т.ғ.к. Тұрысбеков Дулатбек Қадырбекұлы сөз сөйледі. Олар өздерінің ғылыми қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, жарыққа шыққан еңбектері мен алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі, сөйтіп студенттер институт қызметінің аз ғана бөлігімен танысып қайтты.

Кездесу өте жылы және достық қарым-қатынаста өтті. Мұнда қызықты адамдармен байланыс орнатуға, студенттерге болашақта жұмысқа орналасу барысында таңдау жасауға мүмкіндік туды, сондай-ақ олардың зерттелмеген құндылықтарды зерттеуге деген құлшыныстары артты.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту