16 қыркүйек 2019 4879

Студенттерді жаңа жатақханаға орналастыру басталды

Студенттерді жаңа жатақханаға орналастыру басталды

15 қыркүйек күні Сәтбаев университетінің Ладыгин көшесінде орналасқан жатақханасына студенттерді орналастыру рәсімі басталды. Мұнда Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 250 қыздар мен жігіттер орналасады.

Пәтер үлгісінде жасалған жатақхана қазіргі заманғы талаптарға толық сай келеді. Әрбір секцияда 2 бөлме бар. Көлеміне қарай әрбір бөлмеде 1-3 адамнан тұруға болады. Секцияларда тұрмысқа қажетті құралдардың бәрі бар. Мұнда студенттер өздерін үйлерінде жүргендей сезінеді. Бөлмелер өте кең әрі ыңғайлы, жарық, есіктерінің құлыптары, сантехника және тұрмыс заттары – бәрі жаңадан орнатылған. Бұл жатақхана басқаларға қарағанда ең жақсысы болып саналады. Тұрғындар енді мұндағы әрбір затқа ұқыптылықпен қарап, оларды таза әрі дұрыс қалпында сақтауға тырысады деп сенеміз.  

Заселение в общежитие

Заселение в общежитие

Заселение в общежитие

Заселение в общежитие

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту