Студенттердің AGP компаниясымен кездесуі
2017 жылдың 17 наурызында «Құрылыс және құрылыс материалдар» кафедрасының студенттері AGP компаниясының қонақ дәрісіне қатысты. Шақырылған компанияның өкілі ретінде Университеттің Корпоративті даму департаментінің директор орынбасары Иван Василенко таныстыру рәсімі (презентация) бойынша сөз сөйледі.
Қонақ дәрісінің тақырыбы инженер-құрылысшы кәсібіне арналған. Кездесу барысында жоғары оқу орындарының түлектеріне қойылатын заманауи талаптар туралы, құрылыс саласындағы тенденциялар мен мәселелер жайында және құрылыс мамандарын даярлаудың сапасы жайлы сұрақтар талқыланды.
Қатысушылар – құрылыс, сәулет, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру, мұнай және газ мамандықтарының студенттері, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ASCE студенттік ұйымы, оқытушылар, «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының меңгерушісі, Т.Қ.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының басшылығы мен ББИ басшылығының өкілдері.
Ұйымдастырушылар – «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасы және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ASCE студенттік ұйымы.