5 ақпан 2017 8602

Студенттердің ғылыми жобаларына компьютерлік технологияларды жетілдіру және оларды енгізу

Студенттердің ғылыми жобаларына компьютерлік технологияларды жетілдіру және оларды енгізу

2017 жылдың 2 ақпанында Жинақтау-талдау департаменті практика және карьера бөлімінің ұйымдастыруымен, 5В060200-Информатика,  5В070200-Автоматизация және басқару, 5В070300-Ақпараттық жүйелер, 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,  5В070500-Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының 3,4 курс студенттеріне «GLOBAL Enginering Solutions» ЖШС өкілдері қонақ дәрісін оқыды.

Кездесу басында компания өкілдері: директор міндетін атқарушы Виталий Скобцов, жобалаушы менеджер Дмитрий Угаров, келісім-шарт менеджері Даниил Касперский сөз сөйледі. Компьютерлік технологиялар саласындағы компания әзірлемелерінде студенттер өз дағдыларын дамыту мүмкіндіктері бар екендігі туралы айтылды. Студенттер өз идеялары мен жобаларын белсенді талқылауға қатысып, сұрақтар қойып отырды.

Аталмыш іс-шарада студенттер жас мамандарға қажеттілік, диплом алдындағы практикадан өту, кандидаттарға қойылатын талаптар, жұмыс жағдайлары туралы сұрақтар қойып қызығушылық танытты. Студенттер мен түлектер компанияға жақын ынтымақтастықпен іс-тәжірибеден өту ғана емес, одан әрі қарай жұмысқа орналасу үшін шақырылды.

 

 

Жинақтау-талдау департаменті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту