4 ақпан 2019 4039

Студенттердің ғылыми жұмысы байқауына қабылдау басталды

Жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының басталуына байланысты ҚР БжҒМ-нің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру департаментінің  2019 жылғы 11 қаңтардағы №14-5/21 хатына сәйкес, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базалық жоғары оқу орны ретінде жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша осы байқаудың  ІІ-деңгейіне қатысу үшін конкурстық материалдарды қабылдауды бастағаны туралы жариялайды: 1) Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау; 2) Мұнай-газ ісі; 3) Пайдалы қазбаларды байыту; 4) Тау-кен ісі; 5) Автоматтандыру және басқару.

Ғылыми жетекшілердің назарына! І-деңгейден өткен студенттердің ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын ІІ-деңгейге қатыстыру үшін 2019 жылдың 11 наурызға дейін түпнұсқасын (СҒЗЖ Республикалық байқауына деп) келесі мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ.

Байқауға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жылда өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын ұйымдастыру және өткізу Ұсыныстарының талаптарына сай дайындалған жұмыстар ғана қабылданады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту