Ақпарат:

8 тамыз 2024 5488

Студенттерге көмек үшін: кез келген сұрақты қойып, жауап алыңыз

Студенттерге көмек үшін: кез келген сұрақты қойып, жауап алыңыз

Satbayev University сіздерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі құрған студенттерге арналған жаңа ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz-пен танысуға шақырады. Оның көмегімен сіздер грант конкурсына, оқуға және студенттік өмірдің басқа да аспектілеріне байланысты әртүрлі сұрақтарға тез және ыңғайлы түрде жауап ала аласыздар. Порталды телеграм-бот толықтырады, онда да барлық сұрақтарыңызды жедел шеше аласыздар.
Телеграм чатына өтіп, алғашқы сұрағыңызды қойыңыз:

Телеграмға өту

Satbayev University-де студенттер сондай-ақ Алматы қаласының студенттік омбудсменінен қолдау ала алады. Омбудсмен – бұл оқыту үдерісі, инфрақұрылым және жатақханалар мәселелері бойынша студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен айналысатын тәуелсіз өкіл.

Омбудсмен – бұл жай ғана кеңесші емес, ол шешімдерге оң әсер етіп, барлық студенттер үшін қолайлы жағдай жасауға көмектесетін адам. Мысалы, сабақ кестесіне қатысты қиындықтар туындаса, жатақханаларда ақаулар болса немесе университет ресурстарына қолжетімділік мәселелері пайда болса, студенттер білікті көмек алу үшін омбудсменге жүгіне алады.

Алматы қаласының студенттік омбудсмені
Әділхан Төлепберген
+7 776 677 3773

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту