Студенттік олимпиада «Экономиканы цифрландыру – электротехникаға негізделген процесс»
Академик Қ.И.Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған және Satbayev University-нің 85 жылдығына орай «Электроника, телекоммуникация және ғарыш технологиясы» кафедрасы, «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» институты «Экономиканы цифрландыру – электротехникаға негізделген процесс» атты тақырыбы бойынша студенттер Олимпиадасына шақырады.
Олимпиада 2018 жылдың 20 қарашасында сағат 11.00-де БОҒ-ның 207- аудиториясында басталады.
Олимпиаданы өткізу мақсаты: ТОЭ және электротехниканы оқу кезінде студенттердің белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысуға бейім студенттерді анықтау, ТОЭ және электротехникадан республикалық олимпиадаға студенттерді дайындау, ТОЭ және электротехника пәнін оқытуда тәжірибе алмасу.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады және 100 баллдық шкала бойынша есептеледі:
1-ші және 2-кезең – олимпиадаға қатысушысының теориялық және практикалық білімдерін бағалау (Ұпайлардың максималды саны – 80 балл);3-кезең – электрлік процестер бойынша стендтік зерттеулер жүргізу арқылы бағалау (Ұпайлардың максималды саны – 20 балл).
Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі осы жылы 21 қараша күні сағат 15.00-де БОҒ-ның 207-аудиторияда өтеді.