16 мамыр 2018 8690

Студенттік журналдың жаңа саны – жаңа атаумен шықты

Студенттік журналдың жаңа саны – жаңа атаумен шықты

Сәтбаев университеті студенттерінің сүйікті журналының көктемгі саны жаңа UNIQUM атауымен жарық көрді. Бұл атау – университет оқытушылары мен студенттері арасында жарияланған байқаудың нәтижесінде беріліп отыр. Бірнеше ай бойы жүргізілген байқау барысында журнал поштасына көптеген хаттар мен ұсыныстар түскен болатын. Онда қатысушылар өз нұсқауларын білдіріпті. Байқау нәтижесін қорытындылай келе, редакция ең үздік деген 5 атауды таңдап алды. Олар: Lime, Octarine, Uniqum, Stream, SU magazine. Ал жабық түрде дауыс беру бойынша UNIQUM атауы таңдап алынды.

Редактор атынан:

«Байқауға қатысқан барлық адамдарға зор алғысымды білдіремін. Сіздермен жұмыс істеу өте қызықты. Өкінішке қарай, біздің жеңімпазымыз өз есімін құпия түрде қалдыруды жөн санапты. Сондықтан да біз даярлаған сыйақымызды журналдың атауына ең көп нұсқау ұсынған студентке табыс етейік деп шештік.  

Жан Кули, Бас оқу ғимаратына 616-кабинетке келіңіз, Сізді сыйақы күтіп тұр!

UNIQUM журналының жаңа санында біз сіздердің назарларыңызға университеттің осы екі айдағы өмірі туралы, студенттердің жаңа (шетелдік) жетістіктері мен қызықты жаңалықтары туралы айтпақшымыз, сондай-ақ жоғары білімді де саналы адамдарға қажетті қызықты дәйектемелер осы журналдан табылады.

Студенттерді қол жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Әлі де талай-талай асулардан асып, биік-биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілектеспіз! Жаңа жетістіктермен қатар өмірлеріңізде үнемі жаңа да қызықты, әрі табысты оқиғалар мен жағдайлар, жаңа өзгерістер бола берсін. Әрбір көктемнен күткен жаңа үміттеріңіз бен арман-тілектеріңіз орындала берсін!»   

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту