SU командасы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша олимпиадасында екінші орын иеленді
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 10 Республикалық студенттер олимпиадасы аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Олимпиадаға республикамыздағы жетекші университеттердің студенттері қатысты: Сәтбаев университеті, ҚБТУ, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы техникалық университеті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ (Орал қаласы), С.Торайғыров атындағы ПМУ (Павлодар қаласы).
Олимпиада командалық және жеке жарыстар түріне бөлініп, жыл сайын өткізіліп тұрады. Қатысушылардың теориялық білімі екі кезеңнен тұратын «Интеллектуалды ойын» барысында тексерілді. Алдымен командалар химия бойынша жалпы сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде – «Органикалық заттарды синтездеудің жаңа аспектілері», «Мұнай технологиясы», «Газдың химиясы мен технологиясы», «Көмірді өңдеу», «Жоғары молекулярлық қосылыстардың технологиясы», «Химия өндірісіндегі процестер мен аппараттар» сияқты мамандандырылған тақырыптар бойынша сұрақтар берілді. Кейін әр команда өзінің ғылыми жобасын ұсынды. Олимпиаданың бұл бөлімі өте көңілді болды, себебі әр жоба қызықты технологиялық мазмұннан құралып немесе технологияны жаңғырту кезінде күтпеген техникалық шешімдер ұсынылды.
Сәтбаев университеті командасының өкілдері бұл жарысқа абыроймен қатысты. Жеке жарыста 4-курс студенті Аязбаева Айгерім 3-орынды иеленді. Командалық жарыста құрамында Аязбаева Айгерім, Шахманов Темірлан, Зияева Танзиля, Жұмаханова Гүлнұр және Сырлыбай Аяжан бар топ университеттің абыройын лайықты түрде қорғап, жүлделі 2-орынға ие болды.