Ақпарат:

14 ақпан 2025 1217

SU Racing Team командасының жарыс көлігі Азия, Океания және Таяу Шығыстағы энергия үнемдейтін 10 үздік көлік қатарында

SU Racing Team командасының жарыс көлігі Азия, Океания және Таяу Шығыстағы энергия үнемдейтін 10 үздік көлік қатарында

Сәтбаев Университеті жеңімпаз Racing Team командасын қарсы алады – бұл Сәтбаев Университетінің энергия үнемдейтін автомобиль құрастырушылар командасы, олар жыл сайын өтетін Shell Eco-marathon Asia-Pacific and the Middle East 2025 экомарафонында әлем бойынша 7-орынды жеңіп алды. Команда биыл 16 елден қатысқан 50-ден астам команданы жеңіп шықты, олардың арасында ҚБТУ, Назарбаев университетінің командалары да болды. Racing Team – энергия үнемдейтін технологияларды әзірлеушілердің алғашқы қазақстандық командасы.

Racing Team – Сәтбаев университеті студенттерінің командасы, олар энергия үнемдейтін жарыс машиналары мен көше тазалау техникасын құрастыруға баса назар аударады. Биыл команда Таяу Шығыста алғаш рет өткізілетін жыл сайынғы халықаралық жарысқа қатысу үшін Катарға барды. Жарыс аты аңызға айналған «Формула-1» өтетін халықаралық Lusail Race Track жарыс жолында өтті. Сәтбаев университетінің командасы техникалық байқаудан сүрінбей өтті және жарыс алаңын үш рет айналып, жақсы дайындықтарын көрсетті. Олар әзірлеген TOQ prototype 4.0 жарыс машинасының 1 кВт энергиясы 205 км-ге жетіп, жоғары көрсеткішке ие болды.

– Биылғы жылы Shell Eco-marathon қатысу шарттары мен стандарттарын арттырып жіберді, сондықтан да техникалық байқаудан өту қиынға соқты, – дейді команда капитаны Әлібек Ибраим. – Бірақ біз жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіске қол жеткіздік. Алдымыздағы ендігі биік мақсатымыз – Қытайда өтетін жарыстарға қатысу. Ол үшін әлемдік аренада танымал болуға дайын және тұрақты болашаққа мүдделі демеушілердің қолдауы қажет.

Осындай жетістікке жету үшін команда өздері электромотор құрастырып, негізгі бөлшектерді жасау үшін қайта өңделген пластик және 3D принтермен қоса, инновациялық технологияларды да пайдаланды. Бұл жобаға әртүрлі факультеттердің студенттері қатысты, олар терең білімдері мен дағдыларын ортаға салып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жобаның бас демеушісі Shell Kazakhstan компаниясы болды, ал жаңа көлікті әзірлеуге Tesla Kazakhstan компаниясы қолдау көрсетті.

Racing Team – Сәтбаев университетіндегі көптеген студенттік бірлестіктердің бірі, ол студенттерге қызықты жаһандық іс-шараларға қатысып, өз идеяларын жүзеге асыруға және болашаққа арналған энергетикалық шешімдер саласында жетекші инженер атануға мүмкіндік береді.

Университет инновациялық шешімдерді бірлесіп дамытуға және командаға қолдау көрсетіп, Қазақстанның абыройын әлемдік деңгейде қорғау үшін серіктестер мен демеушілерді өз қатарына қосылуға шақырады.

SU Racing Team командасының жарыс көлігі Азия, Океания және Таяу Шығыстағы энергия үнемдейтін 10 үздік көлік қатарында

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту