25 қаңтар 2018 6224

Сұрақ қойып, Андрей Аршавиннің қолынан футбол добын алыңыздар!

Сұрақ қойып, Андрей Аршавиннің қолынан футбол добын алыңыздар!

2018 жылдың 27 ақпанында Сәтбаев университетінің студенттері «Қайрат» футбол клубының ең үздік ойыншыларымен кездесу өткізеді. Аталмыш іс-шараға «Қайрат» клубының аттары аңызға айналған ардагер ойыншылары қатысады: ҚСРО спорт шебері, қақпашы Құралбек Ордабаев және «Қайрат» командасының атақшы шабуылшысы Андрей Аршавин.

Осы іс-шара аясында университет Ең үздік студенттік сұраққа байқау жариялайды. Өз сұрақтарыңызды қойып, команда ойыншыларының қолтаңбасы қойылған футбол добын ескерткішке алыңыздар! Сұрақтарыңызды мына электрондық мекен-жайға: zhanna_044@mail.ru жіберіңіздер.

«Қайрат» командасының шабуылшысы Андрей Аршавин клубпен жасалған келісім-шартын тағы да бір жылға созды. Алматылық команда үшін Андрей 71 матчта ойнап, 21 гол соқты. Әрі қарай да футболист 28-номер бойынша ойынын жасғастырады.

Атақты шабуылшы және «Қайрат» командасымен кездесу 2018 жылы 7 ақпан күні Сәтбаев университеті ТКМ ғимаратындағы акт залында сағат 16.30-да басталады. Іс-шараның күн тәртібінде: студенттердің өнерін тамашалау, спортсмендермен пікір алмасу және сый-сыяпат тапсыру рәсімі.

Кездесуді ұйымдастырушылар – Т. Бәсенов атындағы СжҚИ, студенттік профком және университет спортклубы.

Фото www.scoopnest.com

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту