Сыпайы адам мейірімді де болады!
18 сәуірде ҚазҰТЗУ-да А.Машани атындағы Базалық білім беру институты Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Сыпайылық және мейірімділік» семестрінің жабылу салтанаты өтіп, семестрдің қорытындысы шығарылды. Осы іс-шараға қатысқан көрермендер мен қонақтардың назарына жетекші оқытушылардың жасаған қорытынды шешімі мен студенттердің жұмыстары ұсынылды. Жалпы саны 80-нен тұратын жұмыстардың ішінде 22 бейнебаян, 40 көркем сурет, 6 плакат, 5 постер және 7 карикатура болды.
Ең үздік деп танылған жұмыстар:
1. Бейнебаян байқауы бойынша 1-орынды ТКМИ-ның 5В072400 тобы студенттері жеңіп алды; оқытушысы – п. ғ. д., профессор Күлай Жақсылықова.
2. Суреттер байқауы бойынша 1-орын ТКМИ-ның 5В070600 тобы студенттеріне бұйырды; оқытушысы – лектор Римма Абилова.
3. Плакаттар байқауы бойынша жүлделі орынды ХИИ-ның 5В070100 тобы студенттері жеңіп алды; оқытушысы – м.п.н., сениор-лектор Нұргүл Танкиева.
4. Постер байқауы бойынша жүлделі орын АжТТИ-ның КДО тобы студенттеріне бұйырды; оқытушысы – ф. ғ. к., ассоц-профессор Салтанат Турбекова.
5. Карикатура байқауы бойынша жүлделі орынды ГжМГІИ-ның 5В070800 тобы студенттері Әдемі Ақмолда мен Диана Искакова жеңіп алды; оқытушысы – ф.ғ.к., сениор-лектор Альфия Өмірзақова.
Осы семестр аясында студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, оған қатысқан 210 студенттің 95%-ы сыпайы екендіктері анықталды.
«Жақсылық пен мейірімділік деген не?» атты эссе жазудан академиялық қазақ тілі бойынша 1-орынды АжТТИ 5В070300 тобының студенті Феруза Мухидинова жеңіп алды. Ал «Іскерлік қазақ тілі» бойынша 1-орынды ЖТжТДИ 5В012000 тобының студенті Нұрай Бекбан жеңіп алды.
Орыс тілі бойынша 1-орынды 5В070700 тобының студенті Карина Сахипова жеңіп алды; оқытушысы – ф. ғ. к., сениор-лектор Сауле Айтжанова.
Карл Поппер форматында «Тәртіп мәдениеті – заманауи инженерді қалыптастырудың басты компоненті» атты тақырыпта өткен дебат турнирінің нәтижесі бойынша ең үздік спикерлер деп ТКМИ-ның 5В072400 тобының 1-курс студенттері Асқар Демеу, Дінмұхамед Бейсенбі танылды; жетекшілері – ф.ғ.к., сениор-лектор Тұрған Жүнісов.
Жұмыстары жүлделі орындарға ие болған студенттерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.