Тағзым және Тағылым
2017 жылы 26 мамыр күні Қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «31 мамыр – Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге «XX ғасырдың 20–50-жылдардың қуғын-сүргін нәубеті» атты тақырыпта Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Смағұлова Светлана баяндама жасады. Баяндамадан соң қоғамдық пәндер кафедрасының ұстаздары өз ойларын ортаға салып, халқымыздың тарихындағы осы бір қаралы кезең тарихын ұлт жадында мәңгілік қалдыру үшін ұсыныс пікірлер айтты.
Дөңгелек үстел модераторы қауымдастық профессоры Досалы Салқынбек қорытынды жасап, ұжым атынан қонаққа алғыс айтты.