Ақпарат:

28 сәуір 2017 7017

Тау-кен-металлургия кешенінің инновациялық дамуы

Тау-кен-металлургия кешенінің инновациялық дамуы

27-28 сәуірде мұнай ғимаратының мәжіліс залында «Тау-кен металлургия кешенінің инновациялық дамуын ғылыми және кадрлық қамту» атты тақырыпта қазақстандық геомеханика мектебінің негізін қалаушы ғалым Ақжан Машановтың 110 жылдығына  және ҚазПТИ тау-кен факультетінің деканы, доцент Софья Шрубконың 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдау-мақаласы (31.01.2017) барысында айтылғандай, инновациялық қызметке мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілген жағдайда, «еліміздің тау-кен-металлургиялық және мұнай-газ кешендері өздерінің стратегиялық міндеттерін сақтап қалулары тиіс». Конференцияда сөз алған ғалымдар еліміздің жаңаша даму талаптарына сәйкес өз ойларын білдірді.

1 1

Барлық суреттерді көру

Мұнай ғимаратының фойесінен орын алған қазіргі заманғы геодезиялық құралдар мен жабдықтардың көрмесі мен Ақжан Машанов шығармаларының көрмесі келген қонақтардың көңілінен шықты.

Ақжан Машанов – геологиялық-минералогиялық ғылымдар докторы, қазақстандық геомеханика мектебінің, қазақ ғылыми фантастикасының негізін қалаушы, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген қайраткері, тау-кен ісі, геология және металлургия бойынша қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктердің авторы, Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеуші.

Конференцияға қатысушылардың көпшілігі – ғалымдар Ақжан Машанов пен Софья Шрубконың оқушылары мен олардан тәлім алған түлектер. Олар өздеріне үлкен еңбек жолына жолдама берген ұстаздарын құрметпен «барлық кеншілердің анасы» деп атап кеткен.

Ректор аппараты басшысының орынбасары, профессор Ұлықпан Сыдықов конференцияны ашық деп жариялады. Ал университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ринат Искаковтың кіріспе сөзінен кейін трибунаға қазақстандық геология ғылымының ардагерлері Баян Ракишев, Төлеген Мұқанов, Роза Мажиденова, Алексей Цеховой, Маржан Нұрпейісова, Леонид Крупник көтерілді.

Конференцияның секциялық отырыстарында қаралған маңызды мәселелерде еліміздің тау-кен-металлургия саласының дамуы жолындағы ақтаңдақтарды ғана емес, сондай-ақ осы саланы дамытуда инновациялық технологиялар мен табиғи ресурстарды қолдану мүмкіндіктері де сөз болды.

Толығырақ 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту