Ақпарат:

22 қаңтар 2026 507

Телефон оқуға кедергі келтіргенде: Сәтбаев университетінде психологиялық тәуелділікті мойындап, одан құтылудың жолдары түсіндірілді

Телефон оқуға кедергі келтіргенде: Сәтбаев университетінде психологиялық тәуелділікті мойындап, одан құтылудың жолдары түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» бастамасы аясында Сәтбаев университетінде «Психологиялық тәуелділіктер» тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті университеттің Психологиялық қызметінің жетекшісі Айгерім Сүлейменова жүргізді. Кездесу жастар арасында кеңінен орын алып отырған тәуелділіктерге, сондай-ақ психологтың көмегіне жүгіну эмоционалдық жағдайды жақсартуда өте маңызды қадам екенін түсіндіруге арналды.

– Бүгінде көптеген студенттер интернетке тәуелді болып, бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауды азайтты, – деді Айгерім Сүлейменова. – Бұл студенттерді шынайы өмірден алыстататын елеулі проблемаға айналуда. Кейде студент оқудан шығарылу шегіне дейін жетеді, ал кейін мәселенің түп-төркіні оқуда емес, белгілі бір тәуелділікте екенін түсінеміз. Мұндай қиындықтармен жұмыс істеуіміз керек, сондықтан да біздің міндетіміз – оған қарсы нақты құралдар ұсыну.

Дәріс барысында психолог интернетке тәуелділік, лудомания және есірткіге тәуелділік туралы айтып, бұл мәселелер оқу мен қарым-қатынастағы қиындықтардың негізгі себептерінің бірі екенін атап өтті. Бұл дәріс тәуелділікті ерте кезеңде анықтауға және студенттерге дер кезінде психологиялық көмек көрсетуге бағытталған кешенді бағдарламаның алғашқы қадамы болды. Ал бағдарлама психологиялық қызмет тарапынан шетелдік мамандардың қатысуымен әзірленді және интерактивті форматтарды, тренингтерді, әртүрлі жаттығулар мен жеке кеңес беру жолдарын қамтиды. Жобаны министрліктің қолдауымен Қазақстанның көптеген университеттеріне енгізу жоспарланып отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту