«Теңізшевройл» компаниясы тест және сұхбат алуға шақырады
2019 жылы 1–4 сәуір аралығында «Теңізшевройл» компаниясы 2018–2019 оқу жылының түлектерімен төменде көрсетілген ақпарат бойынша тестілеу және сұхбат жүргізеді:
Мамандықтар:
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Автоматтандыру және басқару
- Электрлік жүйелер
- Механикалық және аэроғарыштық инженерия
- Жобалау, құрылыс, мұнай және газ кен орындарын игеру
- Технологиялық машиналар және жабдықтау
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Химиялық инженерия және материалдар технологиясы
- Құрылыс инженериясы
- Материалтану
- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Студенттерге қойылатын талаптар:
- Жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша 2018–2019 оқу жылғы түлектер;
- GPA – 3 және одан жоғары;
- Еңбек өтілі 1 жылдан көп емес.
Жоғарыда аталған талаптарға сай келетін және бос қызмет орындарының жәрмеңкесіне қатысуға ниет білдіруші барлық түлектер 2019 жылдың 4 наурызынан кешіктірмей «Теңізшевройл» сыртқы сайтында өз кандидатураларын келесі сілтеме бойынша тіркеулері қажет Job Fair_2019.
Сұхбатқа өзімен бірге алу қажет:
- Резюме, мүмкіндігінше 4 дана суретпен (ағылшын және орыс тілдерінде, ағылшын тілін білу деңгейін көрсетуі керек)
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Жиынтық транскрипт
Тестілеу орыс тілінде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың компьютерлік сыныптарында, ТКМК корпусында (Тау-кен металлургия корпусы), 2-қабатта өтеді.
Тестілеуден өтпей қалған студенттер бос қызмет орындарының жәрмеңкесіне қатысуға жіберілмейді.