Тимур Елеусізов Сәтбаев университетінің студенттеріне тұрақты болашақ құру жөнінде айтып берді
Сәтбаев университетінде белгілі эколог әрі қоғам қайраткері Тимур Елеусізовтың дәрісі өтті, ол Тұрақты даму мақсаттарына және ғаламшардың болашағына арналды.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты және ҚР Парламенті Мәжілісінің Өсімдіктер әлемі мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі ретінде, лектор табиғатқа жауапкершілікпен қараудың, сапалы экологиялық білім берудің және әр адамның қоршаған ортаны қорғауға қосатын жеке үлесінің маңыздылығын атап өтті. Студенттермен кездесу барысында Тимур Елеусізов судың, ауаның, тағамның және қалалық экожүйенің өзекті мәселелері туралы сөз қозғап, тұрақты дамудың бастауы – әр адамның саналы таңдауынан басталатынын ерекше атап өтті.
Студенттер пікірталасқа белсенді түрде араласып, білім беру мен еңбек нарығының болашағы туралы талқылады. Сәтбаев университетіндегі мұндай кездесулер студенттердің бойында экологиялық ойлауды қалыптастырып, жастарды елдің тұрақты болашағын құруға қатысуға шабыттандырады.



