«TOM: Kazakhstan» жобасы Сәтбаев университетінде
Маусым айының 9-ы мен 12-і аралығында Сәтбаев университетінде Халықаралық «ТОМ: Kazakhstan-2018» жобасы болып өтті.
«ТОМ: Kazakhstan» – бұл 72 сағаттық мейкатон, мұнда мейкерлер (өнертапқыштар) нид-ноуэрлермен (мүмкіндігі шектеулі жандар) бірге ақылдаса отырып, сол жандардың күнделікті тұрмыстағы қиындықтары мен мәселелерін шешу үшін жасалған әртүрлі прототиптер жобасын талқылау. Жоба ұйымдастырушылары – Тель-Авив университетінің Қазақстандағы достары қауымдастығы мен Сәтбаев университетінің «Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасы.
Аталған жобаның алдыңғылардан ерекшелігі – жоба халықаралық деңгейге көтеріліп, осы жолы оған Қырғызстан мен Тәжікстан командалары қатысуымен есте қалды. Үш күнге созылған интеллектуалды жоба барысында алыс-жақын шетелден келген 9 команда күні-түні сайысқа түсіп, дода көркін қыздырды.
Жарыс қорытындысы бойынша өз секцияларында жеңімпаз аталғандар:
- Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің «MedicaI Inventions» командасы;
- Павлодарлық «KAZ KUB ENGINEERING» командасы;
- Алматылық «AlphaRaBeta» командасы.
Мейкатон барысында 9 команда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әртүрлі жобалар жасап шықты. Атап айтар болсақ, көрермендер көзайымына айналған көзі көрмейтін зағип жандарға арналған прототип, қимыл-қозғалысы бұзылған жандарға арналған экзоскелетті тіктеуші кешен, көзі көрмейтін жандарға арналған аялдамаға келген автобустың номерін ескертуші құрылғы, есту қабілетінен айырылған жандарға арналған белгі беруші механикалық вибратор және т.б. Аталған жоба ұйымдастырушылардың көңілінен шығып, болашақта бизнес-жоба ретінде іске асыруға мүмкіндігі зор екенін көрсетті.