5 қазан 2020 3994

Томск политехникалық университетінде оқуға өтінімдер қабылдау басталды

Томск политехникалық университетінде оқуға өтінімдер қабылдау басталды

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі студенттер мен магистранттар үшін 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу туралы университетаралық келісім аясында Томск политехникалық университетіне (Ресей Федерациясы) «Студенттерге арналған академиялық ұтқырлық» бағдарламасына келесі мамандықтар бойынша өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды:

  • Информатика және есептеу техникасы;
  •  Аспап жасау;
  • Машина жасау;
  •  Биотехнология;
  •  Мұнай-газ ісі;
  • Тау-кен ісі;
  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;
  • Дизайн.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2020 жылғы 14 қазан.

Бағдарлама шарттары:

  • Тегін жатақхана;
  • Оқыту: тегін;
  • Өзге барлық шығындар студенттің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар:

  • 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі пәндерінің тізімі;
  • байланыс деректері (толық аты-жөні, мамандығы, кафедра, ұялы телефон, электрондық пошта);
  • төлқұжат көшірмесі;
  • транскрипт.

Құжаттарды international_office@satbayev.university электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Қалған барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық бөліміне мына нөмір бойынша хабарласуға болады +7 727 320 40 19.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту