Ақпарат:

18 наурыз 2020 4604

Transparency International School On Integrity адалдық бағдарламасына қатысуға қабылдау басталды

Transparency International School On Integrity адалдық бағдарламасына қатысуға қабылдау басталды

Transparency International School on Integrity – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша болашақ көшбасшыларға арналған жыл сайынғы апталық оқу бағдарламасы. Бағдарлама өз қатысушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және есеп беру саласындағы соңғы әзірлемелермен таныстырады және өз идеяларын іс жүзінде сынап көрудің нақты мүмкіндіктерін ұсынады. Биылғы оқу бағдарламасы 2020 жылы 6–12 шілде аралығында Литваның Вильнюс қаласында өтеді.

Transparency International School on Integrity өз елінде сыбайлас жемқорлыққа қалайша қарсы тұруға болатынын және оның неғұрлым ашық түрде болуына қалай қол жеткізуге болатынын білгісі келетін жоғары курс студенттеріне, түлектерге, сондай-ақ 35 жасқа дейінгі жас мамандарға арналған.

Аталған бағдарламаға қатысу үшін Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Польша, Ресей, ОАР, Тайвань және Украина сияқты елдердің талапкерлеріне шәкіртақы қарастырылған. Қазақстаннан қатысатын үміткерлердің толық шәкіртақы, жартылай шәкіртақы алуға да немесе өз есебінен баруға да мүмкіндіктері бар. Бағдарлама бойынша оқу ақысы 800 еуроны құрайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Europass түйіндемесі (https://europass.cedefop.europa.eu/documents/curriculum-vitae);
  2. Ағылшын тілінде жазылған ынталандыру хаты (500 сөзден аспауы тиіс);
  3. Толтырылған онлайн-өтініш.

Шәкіртақы алуға өтініш берудің соңғы мерзімі – 2020 жылдың 30 сәуірі, ал жартылай шәкіртақы алуға өтініш – 2020 жылдың 20 мамырына дейін. Үміткерлерге іріктеу нәтижелері туралы 2020 жылдың 15 маусымынан кешіктірілмей хабарланады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту