Ақпарат:

17 сәуір 2018 10318

«Цифрлы замандағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

«Цифрлы замандағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

2018 жылы 12 сәуірде А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы жыл сайынғы «Дәстүрлі проблемалардың инновациялық шешімі: инженерия және технологиялар» атты Сәтбаев оқулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Сандық Қазақстан» жолдауына арналған «Цифрлы замандағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның ашылуында университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ринат Искаков сөз сөйледі. Шараның модераторы – Қоғамдық пәндер кафедрасының профессоры, т. ғ.д. Гүлнара Меңдіқұлова.

Дөңгелек үстелде «Трансұлттық және цифрлы тарих», «Саяси, әлеуметтік-мәдени модернизациялану контекстіндегі цифрлы қоғамның қалыптасуы», «Білім жүйесіндегі замануи ақпараттық технологиялар» бағыттарында ғылыми және білім беру мәселелері қарастырылды.

Шараға Англия, АҚШ, Канада, Моңғолия, Қырғызстан, Украинадан келген шетелдік қонақтар мен Қазақстанның ғалымдары, Сәтбаев университетінің магистранттары қатысты. Дөңгелек үстелде Чокан Лаумулин (Қазақстан-Англия), Петер Маккан (Peter McCan, Канада), Майкл Бараник (Michael J. Baranick, АҚШ), Сарантуя Дагвадорж (Моңғолия), Чынара Исраилова-Харьехузен (Қырғызстан), Есенжол Алияров (Қазақстан), Дмитрий Мен (Қазақстан), Асыл Тулеубеков (Қазақстан), А.Машани атындағы ББИ-ның оқытушылары мен магистранттары баяндама жасады.

Спикерлер өз баяндамаларында қоғамның барлық салаларындағы бәсекелестікке қабілетті бола білу жолында сандық өзгеріс негізгі шарттардың бірі болып саналатынына ерекше тоқталды. Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификат тапсырылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту