2 наурыз 2023 2572

Цифрлық техника және технологиялар институты – Қазақстандағы ең үздік мекемелердің бірі

Цифрлық техника және технологиялар институты – Қазақстандағы ең үздік мекемелердің бірі

23 ақпан күні Қазақстанның тауарлары мен қызметтері сапасының ұлттық рейтингі Сәтбаев Университеті құрамындағы институттарының бірі – Цифрлық техника және технологиялар институты «Қазақстанның үздік кәсіпорны 2022» құрметті атағын алғанын растады. Институт ие болған «Сапа жұлдызы» белгісі осы институт ұсынатын цифрлық трансформация қызметтері сапасының жоғары екендігін куәландырады.

Цифрлық техника және технологиялар институты логистика, менеджмент, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және т.б. салалардағы күрделі өндірістік мәселелерді шешуге арналған ақпараттық-аналитикалық жүйелерді жасайды. Мұндай жүйелерді жасау үшін, институт үлкен деректер (big data) жүйесі мен машиналық интеллект пайдаланады, сонымен қатар IT және 3D технологиялары саласында зерттеулер жүргізеді, өнеркәсіптік автоматтандыру, цифрландыру және аспап жасау саласы бойынша инновациялық технологияларды әзірлеп, оларды өндіріске енгізеді.

Институт құрамында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге арналған зертханалар, жасанды интеллект және машиналық оқыту, деректер орталығы және суперкомпьютер бар.

Институт ұжымы ТМД елдері арасында ірі өндіріс орындарына арналған бизнес-процестерді кешенді жоспарлаудың жалғыз жүйесінің авторы болып табылады және ең жақсы заманауи шешімдерді ұсынады.

Институт цифровой техники и технологий — одно из лучших предприятий Казахстана

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту