Ақпарат:

12 қыркүйек 2025 235

Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Жобалық кеңсе Future17 бағдарламасына қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды

Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Жобалық кеңсе Future17 бағдарламасына қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды

Сәтбаев университетінің Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жөніндегі Жобалық кеңсесі жетекші университеттер мен жаһандық компаниялар консорциумы QS қолдауымен әзірлеген Future17 халықаралық білім беру бағдарламасына күзгі қабылдауды бастады.

Бағдарлама XXI ғасырдың жаһандық сын-қатерлерін шешуге арналған практикалық дағдылар мен пәнаралық құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Үш ай бойы студенттер, менторлар мен бизнес-серіктестер бірігіп, БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсаттарының жетістіктерімен байланысты нақты жобалармен жұмыс істейді, атап айтқанда – климаттың өзгеруінен бастап, әлеуметтік әділеттілік пен цифрлық трансформацияға дейінгі жобаларды жүзеге асырады.

Future17 бағдарламасы дизайн-ойлау және командалық жұмыс бойынша кіріспе модульді, бизнес және ҮЕҰ-мен топтық ынтымақтастық кезеңді, сондай-ақ сараптамалық баға қойылған жобалардың қорытындысымен таныстыру рәсімін қамтиды. Барлық сабақтар FutureLearn платформасы мен MS Teams құралдары арқылы онлайн форматында өтеді. Сәтбаев университетінің бағдарламаға қатысқан студенттері үшін бұл кредиттік технология шеңберінде өндірістік тәжірибе ретінде есептелуі мүмкін. Бағдарламаның қорытындысы бойынша оларға QS сертификаты беріледі.

Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Жобалық кеңсе бағдарлама үйлестірушісі ретінде студенттердің, оқытушылар мен халықаралық серіктестердің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Future17 арқылы университет Тұрақты дамуды басқару мектебін – яғни тұрақты даму және ESG саласына болашақ көшбасшыларды даярлайтын экожүйе қалыптастыруда.

Бағдарлама туралы толығырақ

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 20 қыркүйекке (күзгі қабылдау) дейін және 2026 жылғы 20 қаңтарға (көктемгі қабылдау) дейін қабылданады.

Студенттер үшін тіркелу

Оқытушылар үшін тіркелу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту