3 сәуір 2019 2024

ҰБТ туралы ақпарат – талапкерлер назарына

ҰБТ туралы ақпарат – талапкерлер назарына

2019 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының баллдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады.

Білім беру бағдарламаларының тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан тұрады. Жалпы білім беру бағдарламаларының  97 тобы бар. Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған.

ҰБТ-да бейіндік пәндердің келесі комбинациялары анықталған:

Математика

Физика

Математика

География

Биология

Химия

Биология

География

Шет тілі

Дүниежүзі тарихы

География

Шет тілі

Дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

Дүниежүзі тарихы

География

Қазақ тілі/ Орыс тілі

Қазақ әдебиеті/ Орыс әдебиеті

Химия

Физика

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

Сізге бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бір білім беру саласының ішінде төртке дейін білім беру бағдарламаларының тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер комбинациясымен Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсында «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласындағы:

1) «Мейірбике ісі»;
2) «Фармация»;
3) «Жалпы медицина»;
4) «Стоматология» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.

Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.

Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.

Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алады.

Жадынама жүктеу

ҰБТ-да сәттілік тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту