28 қазан 2019 7128

Украинада гранттық оқудың байқауына тіркелу басталды

Украинада гранттық оқудың байқауына тіркелу басталды
Satbayev University Украинаның жетекші техникалық университеттерінің біріне 16 грант беру үшін үміткерлер арасында іріктеу жүргізіп жатыр.
 
Оқу аяқталғаннан кейін түлектер Житомир мемлекеттік технологиялық университетінде «Телекоммуникация және радиотехника» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алады. Оқыту ұзақтығы 16 айды құрайды, оқу барысында білім алушылар радиотехникалық құрылғылар мен телекоммуникациялық жүйелерді жобалауды, әзірлеуді, пайдалану мен жөндеуді; заманауи технологияларды пайдалану; теориялық және тәжірибелік зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізуді үйренеді.
 
Оқуды толық қаржыландырумен қатар Satbayev University жоғарылатылған шәкіртақы және жатақханада тегін тұруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми-өндірістік нысандарда жалақысы жоғары қызметке орналасуға кепілдік береді.
 
Байқауға Қазақстанның барлық ЖОО-ларының түлектері келесі мамандықтар бойынша қатыса алады: «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Аспап жасау» және «IT».
 
Құжаттар 2019 жылғы 1 қарашадан 15 желтоқсанға дейін қабылданады.
 
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: b.seitbayeva@satbayev.university, 8 (747) 916 55 27.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту